loader image
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары

АҚ "БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"

3.1. Жеке зейнетақы шоттарының құрылымы

01.01.2019 ж. жағдай бойынша жеке зейнетақы шот-тарының (ЖЗШ) жалпы саны 10 381 мың бірлікті құраған. Оның 95%-ын міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) есебі бойынша жеке зейнетақы шоттары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) есебі бойынша 480 мың шот және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) есебі бойынша 48 мың шот құрайды.

2018 жылы ЖЗШ саны 261,2 мың бірлікке немесе 3%-ға көбейген. Есепті кезеңде Қордың жаңа салымшылары үшін 454,9 мың шот ашылған және төмендегі себептерге байланысты 193,5 мың шот жабылған:

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары

Зейнетақы шарттарын өзектілендіру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорында сәйкес-тендірілмеген ЖЗШ (шартсыз) 110,0 мың бірлікке азайып, 2019 жылғы 1 қаңтарда 216,3 мың бірлікті құрады.

МЗЖ бойынша шарттары мен жинақтары бар 9,4 млн шоттың 5 млн ерлерге, 4,4 млн – әйелдерге; 8,9 млн – салымшыларға, ал 0,5 млн – алушыларға (зейнеткерлік жасына келген тұлғалар, сондай-ақ мүгедектіктің тағайындалуына, ТМЖ-ға шығуға және салымшының қайтыс болуына байланысты төлемге өтініш берілген кезде) тиесілі. Бұл ретте салымшылардың есепті кезеңде жарна түсіп тұрған белсенді ЖЗШ-ның үлесі 72%-ды құраған (8,9 млн-нан 6,4 млн). Салыстыратын болсақ, 2017 жылы белсенді ЖЗШ-ның үлесі 69%-ды құраған (8,7 млн-нан 5,9 млн).

Шарттары мен зейнетақы жинақтары бар МЗЖ бойынша ЖЗШ құрылымы (иелерінің жынысы, жасы және мәртебесі бойынша)

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары

Салымшылардың МЗЖ есебінен орташа жинақтары ерлер арасында 1 101,2 мың теңге, әйелдер арасында – 842,4 мың теңге, зейнеталды жасындағыларда (ерлер 60–62, әйелдер 56–58) – сәйкесінше 1 357,3 мың теңге және 1237,7 мың теңге көлемінде болған. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақ-тарының сомасы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты. ЖЗЖ жұмыс істеген бүкіл кезең бойына тұрақты МЗЖ-ын жасап келген салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының орташа сомасы ерлерде 5,1 млн теңге және әйелдерде – 3,9 млн теңге көлемінде. Зейнеткерлік аннуитетті алуға мүмкіндігі бар салымшылардың саны ерлер арасында (жасы 54–63, жинақтары 9,7 млн теңгеден астам) 6,3 мың адамды (немесе 0,1%), әйелдер арасында (жасы 50– 63, жинақтары 13,3 млн теңгеден астам) – 1,2 мың адамды (немесе 0,03%) құрайды.

АҚ "БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ"

3.2. Зейнетақы активтері бойынша қаржылық көрсеткіштер

Зейнетақы жинақтары

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы есепті кезеңде 1 596 904 млн теңгеге немесе 21%-ға ұлғайып, 9 377 642 млн теңгені құраған. Алдын ала деректер бойынша, зейнетақы жинақ-тары сомасының ҚР ЖІӨ сомасына қатынасы 2018 жылы 15,95%-ды құрайды (2017 жылғы 14,65%-ға қарағанда).

+ 848 686 млн тг

- 168 638 млн тг

+ 917 103 млн тг

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары

2018 жылы Қорға жалпы сомасы 847 382 млн теңге құрайтын шарттардың барлық түрлері бойынша 74 млн зейнетақы жарналары аударылды. Оның ішінде 807 613 млн теңге (95,3%) көлеміндегі 70,5 млн жарна МЗЖ есебінен; 39 510 млн теңге (4,7%) көлеміндегі 3,5 млн жарна МКЗЖ есебінен; 259 млн теңге (0,03%) көлеміндегі 33 мың жарна ЕЗЖ есебінен. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы жарналар саны 10%-ға өскен, ал 2018 жылы келіп түскен жарналардың көлемі 2017 жылғы көлемдерден 12%-ға артық.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 6,4 млн-нан астам адам кем дегенде бір жарнадан аударған. Бұл ретте 5 млн шотқа 6-дан 12-ге дейін жарна келіп түскен. Әрбір салымшының аударған жарналарының орташа саны 2018 жылы 8-9 жарнаны құрайды.

Орташа есеппен алғанда 2018 жылы шарттардың барлық түрлері бойынша ай сайын 70 615 млн теңге көлемінде 6,2 млн жарна салынған. Бұл ретте орташа айлық МЗЖ сомасы 15,8 мың теңгені құрайды. Ал Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, орташа айлық жалақы 148,7-ден 174,6 мың теңгеге дейін болды.

2018 жылы зейнетақы активтеріне есептелген инвес-тициялық табыс 977 180 млн теңгені құраған (2017 жылғы көрсеткіштен ↑64%). Бұл ретте таза инвестициялық табыс (комиссиялық сыйақыларды шегергенде) 917 103 млн теңгені құрайды (2017 жылғы көрсеткіштен ↑67%).

Инвестициялық портфель

Есепті кезеңде табыстар құрылымындағы негізгі үлесті өткен жылдағыдай бағалы қағаздар бойынша, соның ішінде “кері РЕПО” операциялары мен орналастырылған са-лымдар бойынша сыйақы түріндегі табыстар құраған (56%). Инвестициялық табыс құрылымындағы үлесі бойынша екінші орынды бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және валютадан түсетін табыстар (42%) алады, ал үшінші орында –сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстар (1%) және т.б. Қордың зейнетақы активтері бойынша зейнетақы активтері портфелінің құрылымы (валюта және құралдар тұрғысынан):

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары
Ключевые цифры накопительной пенсионной системы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық қоржынындағы борышкерлік қаржылық құралдарды өтеуге қатысты орташа безбенделген табыстылық 7% жылдық көрсеткішті, соның ішінде теңгемен берілгендері – жылдық 8,2%-ды, шетелдік валютада – жылдық 4%-ды құраған. Зейнетақы активтерінің есебі жүргізілетін шартты зейнетақы бірлігі құнының өсімі негізінде есептелетін есепті кезеңдегі зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 11,27%-ды құраған, бұл көрсетілген кезеңдегі 5,3% көлемінде болған жинақталған инфляция деңгейінен 5,97 пайыздық тармаққа жоғары.

Зейнетақы төлемдері

БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына жасалған аударым-дарды қоса алғанда, зейнетақы жинақтарының төлемдері 2018 жылы 168 638 млн теңгені құраған (2017 жылғы көрсеткіштен ↓20%). Есепті кезеңде зейнетақы төлемдері (жас бойынша) сомаларының азаюы ай сайынғы төлемдерге көшумен және әйелдердің зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен ұлғайтыла бастауымен түсіндіріледі. Мәселен, 2018 жылы төлем туралы қабылданған өтініштердің саны 240,4 мыңды құраған (2017 жылғы көрсеткіштен ↓17,9%):

 

Тағайындалу түрлері бойынша төлемдер

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі цифрлары

2018 жылы төлемдердің нақты саны 2017 жылғы көрсеткіштен 82%-ға артық болып, 619,3 мың бірлікті құрады. Бұл ретте алушылар саны – 281,9 мың адам болған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға төмен. 01.01.2018 ж. бастап зейнеткерлікке шыққан алушыларға кесте бойынша төленетін ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 20 177 теңгені, ең төмені – 15,3 мың теңгені, ал ең жоғарысы – 502 375 теңгені құрады.

Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің сомасына зей-неткерлік аннуитет шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының аударымдары да кіреді, олар 2018 жылы 26 081 млн теңгені құраған. Есепті кезеңдегі алушылар саны 2 157 адамға жетті (2017 жылғы көрсеткіштен ↓7% кем), бұл зейнеткерлік аннуитет шартын жасасу үшін жеткілікті зейнетақы жинақтары сомасының ұлғаюымен түсіндіріледі. Бір алушыға аударылатын орташа сома 12,1 млн теңгені құраған.

Төрайымының алғысөзі

2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма жылдығын атап өтті. Жүйенің толық циклінің “пісіп жетілуі” үшін, салымшылардың ең болмаса бір буыны өзінің бүкіл еңбек қызметі бойына тұрақты зейнетақы жарналарын аударып отыруы үшін кем дегенде 40 жылдай уақыт керек екен.

Қосылыңыздар

Закрыть меню